Зариф Никарагуа Президентімен кездесті
(last modified Wed, 24 Aug 2016 08:55:39 GMT )
Там 24, 2016 14:55 Asia/Almaty
  • Зариф Никарагуа Президентімен кездесті

ИИР Сыртқы істер министрі Никарагуа Президентімен кездесіп, пікір алмасты.

Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Никарагуа Президенті Даниэль Ортегомен Манагуада кездесіп, екі елдің экономикалық ынтымақтастықтары туарлы пікір алмасты.

Бұдан бұрын Иран Сыртқы істер министрі  Никарагуа Сыртқы істер министрімен кездесуінде осы елге шеккен сапардың нәтижесі саяси қарым-қатынастарды арттырумен бірге экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтуге себеп болады деген болатын.

Зариф сейсенбі күні Никарагуа Сыртқы істер министрі  Самуэль Сантос Лопеспен кездесуінде Иранның Никарагуамен қарым-қатынастарын маңызды санайтынын қуаттап: «Даниэль Ортегоның экономикалық ынтымақтастыққа көңіл бөлуі екі ел арасындағы сауда байланыстарының маңыздылығын білдіреді»,- деді.

Никарагуа Сыртқы істер министрі  Самуэль Сантос Лопес те Зарифпен бірге еліне сапармен келген экономикалық делегацияға сілтеме жасап: «Мұндай делегацияның келуі ирандық басшылардың, әсіресе Иран Сыртқы істер министрінің Латын Америкамен қарым-қатынастарын кеңейтуге шынайы ерік-жігер білдіруінің белгісі. Иран Сыртқы істер министрінің талпыныстарымен Иран мен Никарагуа және Латын Американың барлық елдерінің арасындағы қарым-қатынастардың кеңеюінің жаңа кезеңі басталуда»,- деді.

 Сондай-ақ, Никарагуа Сыртқы істер министрі  Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінің соңында Мұхаммад Джавад Зарифке естелік сыйлықтар тарту етті.