Сирияда лаңкестер химиялық қару қолданды
БҰҰ-дағы Сирияның өкілі лаңкестік топтардың Сирияда химиялық қару қолдануын Батыстың рұқсатымен орын алуда деп атады.
БҰҰ-дағы Сирия өкілі Башар әл-Джафари сейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің жаппай қырып-жоятын қару-жараққа тыйым салуға және бұл қарулардың экстремистік топтардың қолына түсу қатеріне байланысты өткен отырысында: «Лаңкестік топтар Батыс мемлекеттерінің қолдауымен сириялық азаматтарға қарсы химиялық қару қолдануда. Сол Батыс мемлекеттерінің кейбіреулері Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері болып табылады. Сонымен бірге кейбір мемлекеттер өз мақсаттарын көздеп, Сириядағы қарулы қарсыластарға көмектесуде»,- деп қуаттады.
ДАИШ лаңкестері Алеппоның кейбір аймақтарынан артқа шегінген соң, Сирия әскерінің алға ілгерілеуін тоқтату үшін химиялық қыша газына пайдаланды. Соның салдарынан 20-дан астам адам қаза болып, жарақат алды.