Зариф Эквадор Президентімен кездесті
(last modified Thu, 25 Aug 2016 08:43:38 GMT )
Там 25, 2016 14:43 Asia/Almaty
  • Зариф Эквадор Президентімен кездесті

Иранның Сыртқы істер министрі Эквадор Президентімен кездесті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Китода Эквадор Президенті Рафаэль Корреамен кездесті.

Корреа осы кездесуде Эквадордың мол қазба байлықтары мен Иранның дамыған технологияларына тоқталып, екі елдің бір-бірін толықтыратынын қуаттады.

Эквадор Президенті Иран мен Эквадордың сауда байланысы деңгейінің төмендігін сынап: «Санкциялар кезінде Кито үшінші елдің көмегімен шектеулі түрде Теһранмен экономикалық байланыстар жасап тұрды, ал қазір санкциялар жойылғаннан кейін Иранмен тікелей сауда жасауға мүмкіндік туды»,-деді.

Кореа осы кездесу соңында Иранның дипломатиялық  аппаратын санкцияларды жоюдағы сәттілігімен құттықтап: «Иран мен Эквадор барлық салалар бойынша әріптестік жасайтын болады»,-деді.

Иранның Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, сәрсенбі күні  Эквадордың Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Габриэла Риваденейрамен кездесіп, сұхбаттасты. Осы кездесуде Иран мен Эквадордың парламентаралық ынтымақтастығын кеңейту жолдары талқыланды.