Зариф Эквадордан Чилиге бет алды
Иран Сыртқы істер министрі Эквадор қайраткерлерімен кеңесуден кейін Чили қайраткерлерімен кездесіп, сұхбаттасу үшін осы елдің астанасы Сантьягоға аттанды.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Латын Америкасына сапарының жалғасында Китода болған бір күнде Эквадордың Сыртқы істер министрі, президенті және Парламент төрағасымен кездесіп, түрлі салада қос жақты ынтымақтастықтарды кеңейту туралы сұхбаттасты.
Сейсенбі күні соңғы сағаттарда Эквадорға келген Иран Сыртқы істер министрі осы елде болған бір күнде елдің қайраткерлерімен қос жақты байланыстардың түрлі аспектілерін қарастырды. Зариф сондай- ақ Иран мен Эквадордың экономикалық семинарының ашылу рәсіміне қатысып, баяндама жасады. Иран Сыртқы істер министрі Чилиден кейін Боливияға, содан кейін Венесуэлаға сапар шегеді. Зарифтің Латын Америкасына жасаған сапарында жекеменшік саласы басшыларынан 60 кісілік бір делегация мен экономикалық бөлімдердің 20- дан астам төрағалары қасында бірге жүр. Иран Сыртқы істер министрі Латын Америкасына жасаған алғашқы сапарында Эквадордан бұрын Куба мен Никарагуа еліне сапар шегіп, осы елдердің қайраткерлерімен кездесіп, сұхбаттасқан болатын.