Ресей Сирияда ұшуға тыйым салынған аймақтың құрылуы туралы ақпаратты теріске шығарды
https://itolqyn.com/news/world-i13451-Ресей_Сирияда_ұшуға_тыйым_салынған_аймақтың_құрылуы_туралы_ақпаратты_теріске_шығарды
Ресей Сирияда ұшуға тыйым салынған аймақтың құрылғанын теріске шығарды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 26, 2016 16:48 Asia/Almaty
  • Ресей Сирияда ұшуға тыйым салынған аймақтың құрылуы туралы ақпаратты теріске шығарды

Ресей Сирияда ұшуға тыйым салынған аймақтың құрылғанын теріске шығарды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей СІМ ақпарат хатшысы Мария Захарова бейсенбі күні Сирияның көгінде ұшуға тыйым салынған аймақ құру туралы кез-келген шешімді теріске шығарып: «Мұндай бағдарламаның орындалуы мүмкін емес»,-деп мәлімдеді.

Захарова Мәскеудің бұрын Ливияда ұшуға тыйым салынған аймақ құруға куә болғанын айтып: «Ресей мұндай шараның неге әкеліп соқтырғанын біледі және мұндай ұсыныстың кім арқылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде көтеріліп, бекітілгенін ұмытқан жоқ. Сирияда атқарылып жатқан және атқарылатын барлық шаралар халықаралық заңдарға сәйкес және Сирия үкіметімен үйлесімде болуы тиіс»,-деп баса айтты.