Зариф Чили Президентімен кездесті
ИИР Сыртқы істер министрі Чили қайраткерлерімен кеңестердің жалғасында осы елдің Президентімен кездесіп, сұхбаттасты.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Чили Президенті Мишель Бачелет ханыммен кездесіп, Иран Президентінің сәлемін жеткізіп: «Саяси қарым-қатынасты кеңейтумен қоса, Иран Чилимен экономикалық байланыстарды кеңейтуді де қалайды. Иранның үлкен экономикалық делегация осы мақсатта келіп отыр»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Чили Президенті Мишель Бачелет ханым да ИИР Сыртқы істер министрінің Чилиге сапарына ризалық білдіріп: «Чили Иранмен қарым-қатынасын кеңейтуге ынталы. ИИР мен Чили әртүрлі салалар бойынша бір-бірімен алмаса алатындай көп тәжірибе мен мүмкіндіктерге ие»,-деді.
ИИР Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Чили Президентімен кездесер алдында тілшілерге берген сұхбатында Колумбия үкіметі мен бейбіт бітімнің орнауында негізгі рөл атқарған Куба мен Чили үкіметтерін Колумбия үкіметі мен ФАРК арасындағы келісіммен құттықтады.