Иран мен Чили Сыртқы істер министрлері кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i13455-Иран_мен_Чили_Сыртқы_істер_министрлері_кездесті
ИИР Сыртқы істер министрі Иранның әрдайым Чили халқының қасынан табылатынын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 26, 2016 17:06 Asia/Almaty
  • Иран мен Чили Сыртқы істер министрлері кездесті

ИИР Сыртқы істер министрі Иранның әрдайым Чили халқының қасынан табылатынын мәлімдеді.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Чили астанасы Сантьягода осы елдің Сыртқы істер министрі Геральдо Муноспен кездесіп, екі елдің саяси кеңестер өткізу механизмін орнату туралы меморандумға қол қойғаннан кейін Теһранның  Чили үкіметі мен халқына Иран халқы мен үкіметін өзінің ядролық құқықтарын қорғау жолында қолдағаны үшін алғыс айтатынын мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Зариф: «ИИР әрдайым Чили халқының қасынан табылып, Чилиде диктаторлық билік болған кезде де Сантьягомен қарым-қатынасын үзбеді. Теһран Чилиде демократия қайта орнағаннан кейін Сантьягомен қарым-қатынасын қайта жандандырды, өйткені Чили халқының талап-тілегін маңызды санайды»,-деді.

Чили Сыртқы істер министрі Геральдо Мунос та сол кездесуде сөйлеген сөзінде: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен санкциялар жойылғаннан кейін Иранның әлеммен қарым-қатынасының жаңа тарауы басталды»,-деді.