Зариф Боливия Президентімен кездесті
(last modified Sat, 27 Aug 2016 07:06:19 GMT )
Там 27, 2016 13:06 Asia/Almaty
  • Зариф Боливия Президентімен кездесті

Иранның Сыртқы істер министрі Боливия Президентімен кездесіп, екі жақ мүдделік танытатын салалар бойынша сұхбаттасты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Боливия Президенті Эва Моралес пен Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің  кездесуіне Боливияның Сыртқы істер министрі  Давид Чокеуанка да қатысты. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады.

Сондай-ақ, Иран мен Боливияның алғашқы сауда және инвестиция отырысы Боливияның 100-ден аса экономикалық белсендісі мен іскерінің қатысуымен өтті.  Осы отырыстан кейін Иран мен Боливия Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен екі елдің ғарыш ұйымдары арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Жұма күні таңертең (Теһран уақыты бойынша жұма күні кешке) екі елдің ең үлкен экономикалық форумында Боливия елінің ең жоғары нышаны Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке Боливия Сыртқы істер министрі  Давид Чокеуанка тарапынан Зарифке табыс етілді.  «Condor de los andes» – Боливияның  мемлекеттік нышаны.