АҚШ Хормоз бұғазындағы Сақшылар корпусының жүрдек қайықтарының амалдарына реакция білдірді
(last modified Sat, 27 Aug 2016 08:38:37 GMT )
Там 27, 2016 14:38 Asia/Almaty
  • АҚШ Хормоз бұғазындағы Сақшылар корпусының жүрдек қайықтарының амалдарына реакция білдірді

Ақ үй америкалық кеменің өткен бірнеше күнде Хормоз бұғазында Ислам революциясы Сақшылар корпусының қайықтарымен бірнеше рет кездесуіне алаңдаушылық білдірді.

Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, Ақ үйдің ақпарат өкілі Джош Эрнест жұма күні баспасөз конференциясында: «Ирандық қайықтардың осы жағдайдағы мақсаты анық емес, бірақ олардың әрекеті қабылдауға келмейді. Хормоз бұғасы сияқты тығыз кеңістікте қате есептеулердің ықтималдығы қауіп-қатерді арттыра түседі»,-деді.

Айта кету қажет, Сақшылар корпусының жүрдек қайықтары АҚШ армиясының Иран суларына жақын шекаралардағы қозғалыстарына реакциясында «Нейтс» америкалық кемесіне 270 метр қашықтыққа жақын барған болатын.

Бұл сөздер Иранның Қорғаныс министрі Хосейн Деһқанның осыдан бұрын аталмыш мәселеге қатысты реакциясында: «Егер бөгде елдің кемесі  Иранның суларына кірсе, оларға ескерту жасалады. Егер шекараға кірсе, қарсы шығамыз»,-деген жағдайда айтылыр отыр.