Венесуэла Президенті: Иран – әлемдегі бейбіт күш
(last modified Sun, 28 Aug 2016 08:20:30 GMT )
Там 28, 2016 14:20 Asia/Almaty
  • Венесуэла Президенті: Иран – әлемдегі бейбіт күш

Венесуэла Президенті ИИР-ның ғылым мен өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы таңғаларлық және айтарлықтай дамуын мадақтап, оны әлемдегі бейбіт күш деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Венесуэла Президенті Николас Мадуро жергілікті уақыт бойынша сенбі күні түстен кейін (Теһран уақыты бойынша) «Мирафлорес» президент сарайында өткен Иранның саяси-экономикалық делегациясымен кездесуінде: «Иран – аймақтық деңгейдегі емес, әлемдік масштабта 21 ғасырда пайда болып келе жатқан құдіретті ел. Венесуэла Иранмен стратегиялық қарым-қатынасын кеңейтеді. Өз күш-қуатын соғыс, қақтығыс, қырып-жою мен басқа елдердің байлығын талан-таражға салуға жұмсайтын АҚШ пен Батыс елдеріне керісінше ИИР басқа халықтар үшін  бейбіт, тыныш әрі жасампаз күшке ие»,-деді.

Сонымен қатар Венесуэла Президенті, Иран Сыртқы істер министрі мен Венесуэла Сыртқы істер министрінің қатысуымен екі елдің орталық банктері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.