Америкалықтардың көбі Клинтонда шыншылдық, Трампта біліктілік жоқ деп санайды
https://itolqyn.com/news/world-i13561-Америкалықтардың_көбі_Клинтонда_шыншылдық_Трампта_біліктілік_жоқ_деп_санайды
АҚШ-та өткізілген бір сауалнама нәтижесі көрсеткендей, дауыс берушілердің көбі президенттік сайлаудың республикашыл үміткерін біліксіз, ал оның демократ бәсекелесін шыншыл емес деп санайды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 28, 2016 14:37 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың көбі Клинтонда шыншылдық, Трампта біліктілік жоқ деп санайды

АҚШ-та өткізілген бір сауалнама нәтижесі көрсеткендей, дауыс берушілердің көбі президенттік сайлаудың республикашыл үміткерін біліксіз, ал оның демократ бәсекелесін шыншыл емес деп санайды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тағы Квиннипэк университетінің сауалнама жүргізу орталығына дауыс берушілердің 66 пайызы Хиллари Клинтонда шыншылдық жоқ, ал Дональд Трамп біліктіліктен кенде деп есептейді.

АҚШ-тағы Квиннипэк университетінің сауалнама жүргізу орталығының жұма күні жарияланған нәтижесі Дональд Трамптың 41 пайыз алғанын, ал Хиллари Клинтонтын 51 пайыз жинап, президенттік сайлауда алда келе жатқанын көрсетеді.

АҚШ-тағы президенттік сайлау ағымдағы жылдың қараша айында өтеді.