Америкада жылына мыңдаған адам атыс оқиғасынан қаза болады
(last modified Sun, 28 Aug 2016 14:26:57 GMT )
Там 28, 2016 20:26 Asia/Almaty
  • Америкада жылына мыңдаған адам атыс оқиғасынан қаза болады

Американың «CNN» телеарнасы өз мәліметінде: "Америкада жылына мыңдаған адам қару қолдану мен атыс салдарынан қаза табады. Атыс оқиғалары америкалық болмыстың бір бөлігіне айналған" деп жазды.

Осы мәлімет бойынша жыл сайын Америкада шамамен 37 мың адам өз-өздеріне қол жұмсайды. Соның жартысынан астамы оқпен атылатын қарумен іске асады. Америкадағы атысқа қатысты статистикалық орталық та жуырдағы мәліметінде 2016 жылдың бірінші жартысында Америкада 24532 атыс оқиғасының орын алып, 6303 адам қаза болып, 12952 адамның жараланғанын мәлімдеді.