Ресей Түркияға қарсы туристік санкцияларының күшін жойды
Там 29, 2016 15:00 Asia/Almaty
Ресей Премьер-министрі Түркияға ұшатын чартерлік рейстерге салынған тыйымдарды жою туралы шешімді іске асыруды бұйырды.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев мәлімдеме жариялап, бұл елдің Түркияға қарсы туристік санкцияларының күшін жойып: «Түркия-Ресей арасындағы чартерлік рейстердегі қауіпсіздікке көбірек шара қолдану керек»,- деп қуаттады.
Мәскеудің Анкараға қарсы санкциялары, соның ішінде туризм саласындағы санкциялары 2014-ші жылдың желтоқсан айында Түркияның әскери ұшағы Ресей әуе күштерінің Су-24 бомбалаушы ұшағын құлатқан соң салынған болатын.
Тегтер