АҚШ үкіметі кейбір лаңкестік топтарға жалақы төлейді
(last modified Mon, 29 Aug 2016 09:10:30 GMT )
Там 29, 2016 15:10 Asia/Almaty
  • АҚШ үкіметі кейбір лаңкестік топтарға жалақы төлейді

АҚШ сенаторы Сирияның Алеппо қаласын жылдам тазарту қажеттігін қуаттап, АҚШ үкіметінің Сириядағы кейбір лаңкестік топтарға жалақы төлеп отырғанына өкініш білдірді

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Rusiya Al-Yaum арнасына сілтеме жасап мәлімдеуі бойынша, Вирджиния штатының сенаторы Ричард Блек: «Алеппоның лаңкестіктерден босағаны барлық мәселеден маңызды. Алеппо лаңкестік топтардан тезірек босаса жақсы болады. Лаңкестер міндетті түрде артқа шегінеді. Олар көптеген шабуылдармен кезікті, олардың бірі 95 танк қатысқан шабуыл болды. Лаңкестер Алепподан артқа шегініп жатқан жағдайда АҚШ осыдан бірнеше апта бұрын палестиналық ұл баланың басын кескен Нураддин әл-Занки қозғалысына ақша төлегені сияқты кейбіреулеріне жалақы төлеуде»,- деді.