Ауғанстан 2015 жылы Иранның төртінші экспорттық мақсаты болды
Кабулдегі Иран елшісі Ауғанстанның өткен жылы Иранның төртінші экспорттық мақсаты болғанын мәлімдеді.
Кабулдегі Иран елшісі Мұхаммад Реза Бахрами: «Иран мен Ауғанстанның жоғары мәртебелі қайраткерлерінің сапарлары мен кеңесулерінің ұлғаюымен тараптар арасында саяси, экономикалық, қауіпсіздік және мәдени негіздерде кең ауқымды қос жақты ынтымақтастықтар қалыптасуда» деді. Кабулдегі Иран елшісі Ауғанстан Сыртқы істер министрі Салаходдин Рәббанидің Теһранға жасаған сапарына тоқталып: «Осы сапар қос жақты, аймақтық және халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықтарды талқыға салып, ой бөлісу мақсатында іске асты.
Иран мен Ауғанстанның байланыстары барлық негіздерде кеңею үстінде. Иранның сауда- саттық төртінші арнайы көрмесі алдағы аптада Кабулде өтеді. Осы көрменің өткізілуі екі елдің сауда- саттық алмасуларын бұрынғыдан көбірек арттыра алады» деді.