Дамаск атысты тоқтатуға келісті
https://itolqyn.com/news/world-i1372
Сирия СІМ "Дамаск Вашингтон мен Мәскеу тарапынан жарияланған атысты тоқтату келісіміне қарсы емес. Оны орындайды, бірақ ИСИМ және «ән- Носрат» лаңкестік топтарына қарсы өзінің іс- қимылдарын жалғастырады" деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 23, 2016 21:59 Asia/Almaty
  • Дамаск атысты тоқтатуға келісті

Сирия СІМ "Дамаск Вашингтон мен Мәскеу тарапынан жарияланған атысты тоқтату келісіміне қарсы емес. Оны орындайды, бірақ ИСИМ және «ән- Носрат» лаңкестік топтарына қарсы өзінің іс- қимылдарын жалғастырады" деп мәлімдеді.

Сирия СІМ осы мәлімдемеде елдің шекараларын қорғауды қуаттаумен қоса, кейбір елдердің қарулы топтарды қолдауын доғаруды талап етті. АҚШ және Ресей кеше, дүйсенбі күні 27- ші ақпанда атыс тоқтатуды бастау үшін келісімге келгенін жариялап, Сирия үкіметі мен қарсылас күштерден осы келісімге қатысты өз тұрғыларын жариялауды сұраған болатын.