АҚШ басшылары С-300 зымырандық жүйесінің қорғаныстық жүйе екенін мойындады
(last modified Wed, 31 Aug 2016 08:37:03 GMT )
Там 31, 2016 14:37 Asia/Almaty
  • АҚШ басшылары С-300 зымырандық жүйесінің қорғаныстық жүйе екенін мойындады

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Иранның Ресейден сатып алған С-300 зымырандық жүйесінің қорғаныстық жүйе екенін мойындады.

Иран Телерадио бірлестігінң мәліметі бойынша, Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнест АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің орынбасары Бон Родзбен өткізген ортақ ақпарат отырысында: «Иран Ресейден сатып алған С-300 зымырандық қорғаныстық жүйе АҚШ риза болмағанымен, қорғаныстық жүйе  саналады»,- деді.

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің орынбасары Бон Родз де бұл туралы: «С-300 зымырандық жүйесінің Иранда орнатылуы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына қайшы келмейді»,- деді.

Ресейдің Иранға С-300 зымырандық жүйесін тапсыру туралы Мәскеу мен Теһран арасындағы 800 миилион долларлық келісімге 2007-ші жылы қол қойылған болатын. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2010-шы жылдың орта  кезіндегі  Иранға қарсы  санкция салынғаннан  кейін аталмыш келісімді іске асыру кейінге қалдырылды.

Иран мен «алтылық» тобы   ядролық келісімге келіп, Батыс Иранға қарсы салған барлық санкциялардың күшін жоюға міндеттелген соң Ресей Президенті Владимир Путин 2016-шы жылдың басында  С-300 жүйесін тапсыруға салынған тыйымның күшін жойды.