Халықаралық Амнистия ұйымы Бахрейн шиіттерінің басылып-жаншылуына реакция білдірді
Халықаралық Амнистия ұйымы Бахрейн шиіттерінің басылып-жаншылуын айыптады.
Франция ақпарат агенттігінң Лондоннан хабарлауынша үкіметтік емес Халықаралық Амнистия ұйымы бейсенбі күні Бахрейн үкіметінің әсіресе 2016-шы жылдың маусым айында бұл елдің әйгілі рухани тұлғасы шейх Иса Ғасемді азаматтық құқығынан айырғаннан бері қарсылас шиіттерді басып-жаншыған әрекетін айыптады.
Халықаралық Амнистия ұйымының мәлімдемесінде: «Бахрейн басшылары қарсыластарды басып-жаншу әрекетін теза арада доғаруы керек»,- деп айтылған. Халықаралық Амнистия ұйымы сонымен бірге бахрейндік басшылардың көптеген шерушілер мен кемінде 60 шиіт руханиді қамағанын хабарлады. Бахрейн 2011-ші жылдың ақпан айынан бері Халифе режиміне қарсы бейбіт шерулердің куәсі болуда. Бахрейн халқы саяси реформалар, азаттық, әділеттің орнатылуын, кемсітушіліктің жойылуын және билік басына халық сайлаған жүйенің орнатылуын талап етуде. Бірақ Халифе режимі әрқашан олардың наразылықтарына басып-жаншумен жауап беріп келеді.