Рухани Өзбекстан Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
ИИР Президенті Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушыға жіберген жолдауында осы елдің Президенті Ислам Каримовтың қайтыс болуына орай көңіл айтты.
Президент аппараты баспасөз сайтының хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани жұма күні түстен кейін Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы Нематулла Юлдашевке жіберген жолдауында Ислам Каримовтың қайтыс болуына байланысты Иран үкіметі мен халқының Өзбекстан үкіметі мен халқына тілеулестігін білдірді.
Иран Президенті осы жолдауда Өзбекстанның марқұм Президентіне Алланың рақымын тілеп, осы елдің үкіметі мен халқына сәттілік пен бақыт тіледі.
Осындай жағдайда Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін, сенбі күні таңертең жоғары мәртебелі саяси делегацияны бастап Теһраннан Өзбекстанның Самарқанд қаласына аттанды.
Зариф Иран халқы мен үкіметінің атынан Өзбекстанның марқұм Президентін жерлеу рәсіміне қатысып, Иранның үкіметі мен халқының Өзбекстан халқы мен марқұм Президентінің жанұясына көңіл айтады.
Ислам Каримовты жерлеу рәсімі бүгін, сенбі күні Самарқанда өткізіледі. Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін Өзбекстанда үшкүндік қоғамдық аза жарияланды.
Өзбекстанның мемлекеттік телеарнасы жұма күні түстен кейін: «Ислам Каримов 78 жасында миына қан құйылу салдарынан қаза тапты»,-деп хабарлады.