АҚШ БҰҰ бас хатшысының телефон арқылы сұхбаттары мен кездесулерін тыңдаған
Вашингтонның түрлі елдердегі тыңшылық әрекеттері туралы ақпараттардың жалғасында «WikiLeaks» таратқан құжаттар АҚШ- тың ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (NSA) Пан Ги Муннің шетел басшыларымен телефон арқылы сұхбаттарын тыңдағанын көрсетеді
«WikiLeaks» құжаттары бойынша АҚШ- тың ұлттық қауіпсіздік агенттігі БҰҰ- ның бас хатшысы Пан Ги Мун мен Германия канцлері Ангела Меркельдің, сондай- ақ Италияның бұрынғы үкімет басшысы Сильвио Берлусконидің сионистік режимнің үкімет басшысы Беньямин Нетаньяхумен кездесулерін жасырын тыңдаған. Осы әшкерелеуші кеңсенің мәлімдеуі бойынша, АҚШ- тың ұлттық қауіпсіздік агенттігі сондай- ақ арнайы телефон желілері арқылы Еуропа Одағының аға қайраткерлері мен Жапонияның Экономика министрі арасындағы құпия келіссөздерді де тыңдаған.