Америка Иранның Парсы шығанағындағы теңіз қорғанысы саласындағы дамуына алаңдауда
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшесі Американың Парсы шығанағында Иранның әскери күштерімен бетпе-бет келгендегі алаңдаушылығын Иранның теңіз саласындағы дамуымен байланыстырды.
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшесі мәжілістің хабар агенттігіне берген сұхбатта Америка теңіз күштерінің бір қолбасшысының ирандық күштермен тағы да бетпе-бет келуі мен Парсы шығанағындағы жаңа түйткіл туралы айтқан жуырдағы сөздеріне тоқталып: «Отанды қорғау әрбір мемлекет үшін кесімді құқық, бірақ Америка Парсы шығанағындағы өзінің бөгде ел ретіндегі құзырының себебінің не екендігіне жауап беруі керек» деді.
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшесі ирандық күштердің Парсы шығанағындағы құзырының себебін Иран суларының қауіпсіздігін қорғау деп атап: «Иран суларына жасалған кез келген басқыншылық ирандық әскери күштердің қаһарымен бетпе-бет келіп, оларды жер жастандырады. Әлем Иранға жасалған кез келген шапқыншылықтың өз істеріне өкінетіндей бастарына өрт орнататынын білсін» деді.