Ұлыбританияның парламенттік тобы Дамаскте Башар Асадпен кездесті
(last modified Mon, 05 Sep 2016 09:02:50 GMT )
Қыр 05, 2016 15:02 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияның парламенттік тобы Дамаскте Башар Асадпен кездесті

Сирия Президенті лаңкестікпен әскери және идеологиялық күрес жүргізуді қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сирия Президенті Башар Асад жексенбі күні Дамаскте Ұлыбританияның парламенттік тобымен кездесуінде: «Лаңкестікке қарсы күрес тек әскери әрекеттермен шектелмегені жөн. Лаңкестікке қарсы идеологиялық күрес жүргізу де қажет, өйткені идеология шекараны танымайды. Әлемдегі ең үлкен қатер қоғамда экстремистік ой-пікірлерді тарату. Лаңкестік топтардың ой-пікірлері шек пен шекараны танымайды»,- деді.

Сирия Президенті Батыс ақпарат құралдарының өтіріктеріне тоқталып, шетелдік ақпарат құралдарының Сириядағы шындықты таратпайтындықтарын қуаттады.

Ұлыбританияның парламенттік тобы да бұл кездесуде еліне оралған соң көрген шындықты айтып, Ұлыбритания үкіметінің өтіріктерін әшкерелейтінін қуаттады.