Иранға 3 миллиард еуро несие бөлінеді
(last modified Mon, 05 Sep 2016 11:54:49 GMT )
Қыр 05, 2016 17:54 Asia/Almaty
  • Иранға 3 миллиард еуро несие бөлінеді

Иранның Өнеркәсіп және кен банкінің атқарушы директоры еуропалық банктердің Иранға 3 миллиард еуро несие бөлетінін хабарлады.

Иранның Өнеркәсіп және кен банкінің атқарушы директоры Али Ашраф Афхами осы банктің үш жылдық кезеңдегі жұмысын түсіндіруде дәл қазір еуропалық алты банктің консорциум формасында Иранға 3 миллиард еуро несие бөлу үшін келіссөздер өткізіп жатқанын хабарлап: «Несие ашумен қатар еуропалық 14 банктің ирандық банктермен брокерлік жұмыстарына қатысты үдеріс те аяқталып қалды» деді.