Францияның Ұлттық жиынының басшысы Руханимен кездесті
(last modified Wed, 07 Sep 2016 11:24:28 GMT )
Қыр 07, 2016 17:24 Asia/Almaty
  • Францияның Ұлттық жиынының басшысы Руханимен кездесті

ИИР Президенті Иран мен Франция арасындағы келісімдерді жылдам әрі нақты орындаудың екі елдің арасындағы саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми қарым-қатынастарға сындарлы өзгеріс енгізетінін мәлімдеді»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Франция Ұлттық жиынының басшысы Жан Клод Бартолонмен Теһрандағы кездесуінде ядролық мәселеге қатысты келсімге келгеннен кейінгі Еуропаға  жасаған бірінші сапарында Иран мен Францияның үкіметтік және жекеменшік бөлімдерінің ондаған ынтымақтастық құжаттарға қол қойғанына тоқталып: «Кейбір келісімдерді іске асыру үдерісі жақсы алға ілгерілеуде»,- деді. Рухани ядролық мәселеге қатысты Иранмен келіссөздер жүргізген елдердің міндеттемелерін толық әрі жылдам орындауын Иран мен «алтылық» тобына мүше елдер арасындағы сенімділік үшін маңызды фактор деп қуаттап: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелерін орындап, барлық тарап өз міндеттемелерін іске асыруы қажет»,- деді.

Иран Президенті сонымен бірге Иран мен Францияның аймақ мәселелері әсіресе лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастықтарының қажеттілігін еске салып: «Лаңкестік топтар адамгершіліктің ешбір негізіне табанды емес. Барлық елдер қандай үкіметтердің лаңкестерді қару-жарақпен қамтамасыз ететіндігін біледі»,- деп баса айтты.

Франция Ұлттық жиынының басшысы Жан Клод Бартолон де аймақтың тұрақтылығы мен лаңкестікпен күрес саласындағы Иранның рөліне тоқталып: «Аймақ пен халықаралық мәселелердің көбіне қатысты Теһран мен Париждің ұстанымдары ұқсас. Екі ел ынтымақтастық арқылы аймақ пен әлемдегі қиындықтарды шешуде маңызды рөл атқара алады»,- деді.