Риодағы паралимпиада ойындары саяси кеңістікте ашылды
(last modified Thu, 08 Sep 2016 10:50:44 GMT )
Қыр 08, 2016 16:50 Asia/Almaty
  • Риодағы паралимпиада ойындары саяси кеңістікте ашылды

Сәрсенбі күні әйгілі Маракана спорт кешенінде Рио-де-Жанейродағы паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты болды.

Ашылу рәсімі басталысымен көрермендер «Фора Темер!» (Темер кетсін!) деген ұрандармен осы елдің жаңа Президенті Мишель Темердің биліктен кетуін талап етті. Ол өткен аптада солшыл Президент Дильма Русефтің орнына келген болатын. Темер сөз сөйлеу үшін мінберге шыққанда көрермендердің айқай-шуы үдеп кетті.  France Press ақпарат агенттігінің Риодан хабарлауы бойынша, Темер осыдан бұрынырақ 5 тамызда Рио-2016 Олимпиада ойындарының ашылу рәсімінде де қарсылыққа ұшыраған болатын.