Велаяти АҚШ-тың Иранға қарсы жобаларының ақылға сыймайтынын айтты
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы АҚШ Конгресінің Иранға қарсы жобаларын ақылға сыйымсыз жарнама деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти сәрсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында АҚШ Конгресі депутаттарының Иранды 55 млрд-тан аса доллар өтемақы төлетуге негізделген жобасы туралы: «Мұндай әрекеттер халықаралық сахнадағы АҚШ-тың деңгейін түсіреді және ешқандай орындалу кепілдігіне ие емес»,-деді.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Иранның АҚШ-тың шешімдерін орындайтын ел еместігін айтып: «Иран – айбынды ел. Америкалықтар өздерінің ақылға сыйымсыз жарнамалық шешімдерін орындайтын күшке ие емес»,-деп баса айтты.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы ИИР-ның Мина апатында зардап шеккендерге қатысты құқықтық шараларына тоқталып: «Халықаралық құқықтық инстанциялар сияқты көптеген жолдар жуық арада орындалуы тиіс шаралардың бір бөлігі бола алады»,-деді.