Ресей Түркияның Сирия жеріне шабуыл жасауына реакция білдірді
Ресейдің СІМ Ресейдің Түркияның Сирия жеріне жасаған шабуылын халықаралық заңдар мен осы елдің егемендігін бұзу деп санайтынын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша, Ресейдің СІМ сәрсенбі күні мәлімдеме жариялап, Түркия армиясының Сирия жеріне ішкері ілгерілеуіне қатты алаңдаушылық білдіріп: «Анкараның әскери амалдары Сирияның заңды үкіметінің келісімінсіз, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатынсыз атқарылды. Осылайша Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатер төніп отыр. Қалыптасқан жағдайға байланысты Дамасктың Анкараның әскери амалдарына наразылық ретіндегі позициясы әділ және халықаралық құқықтық критерийлерге негізделген. Түркияның амалдары саяси-әскери жағдайды қиындатып, Сирия мәселесін шешу жолын табуға, осы елдің атысты тоқтату бітімін ұзартуға және гуманитарлық көмектерді жеткізуге бағытталған халықаралық талпыныстарға кері әсер етеді»,-деп мәлімдеді.