Хаф-Герат теміржолы – Иран мен Ауғанстан байланыстарын дамытудағы алғашқы қадам
(last modified Thu, 08 Sep 2016 15:30:24 GMT )
Қыр 08, 2016 21:30 Asia/Almaty
  • Хаф-Герат теміржолы – Иран мен Ауғанстан байланыстарын дамытудағы алғашқы қадам

Ирандағы Ауғанстан елшісі Насир Ахмад Нур Хаф-Герат теміржолын салып, аяқтау ісінің екі елдің экономикалық байланыстарын дамытып, нәтижесінде екі ел азаматтарының жағдайын жақсарту үшін жақсы қадам бола алатынын мәлімдеді.

Насир Ахмад Нур Хаф-Герат теміржолы амалдарын бастау рәсімі аясында Иранның Ауғанстанға жылдық экспортының көлемін 2,5 миллиард доллар деп атап: «Керісінше, Ауғанстанның Иранға экспортының шегі бар болғаны 30-40 миллтон долларды құрайды. Ауғанстанның 34 облысында өте бай табиғи қазба байлықтары мен кеннің болуына байланысты біздің ел Хаф-Герат теміржолын өзінің табиғи ресурстары мен кен рудаларын шығаруды арттыруға пайдалана алады. Себебі Ауғанстан азат суларға жол табу және Қытаймен байланыстарды дамыту бағдарламасына ие» деді.  

Хаф-Санган теміржолы Хаф-Герат теміржолы жобасының бір бөлімі ретінде Иранның Жол және қала құрылысы министрі мен Хоросан Разави облысының әкімі және екі елдің бірқатар басшыларының қатысуымен пайдалануға берілді.

Бұл 14 шақырымға ие бөлік төрт бөліктен тұратын Хаф-Герат теміржолының маңызды бір бөлімі әрі Иран мен Ауғанстан арасындағы алғашқы темір жол болып табылады.

Хаф-Санган теміржолының пайдалануға берілуімен бір мезгілде екі ел басшыларының қатысуымен Ауғанстанның Шамтиғ шекарасынан Хаф-Герат теміржолын қалаудың амалдары басталды.