Әзірбайжан республикасы Түркияны демократияға қарсы қоқан-лоққылармен күресте қолдайтынын мәлімдеді
(last modified Thu, 08 Sep 2016 16:21:42 GMT )
Қыр 08, 2016 22:21 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан республикасы Түркияны демократияға қарсы қоқан-лоққылармен күресте қолдайтынын мәлімдеді

Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрі демократияға қарсы кез келген лаңкестік әрекетпен күресте Баку үкіметінің Түркияны қолдайтынын жариялады.

Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров Францияның Страсбург қаласында өткен Еуропа одағы кеңесінің министрлер комитетінің отырысында сөйлеген сөзінде Әзірбайжан республикасының Түркияға демократияға қарсы қоқан-лоққылармен күресте қолдау көрсететінін мәлімдеп, Түркияның тұрақтылығының аймақ үшін маңыздылығын қуаттап: «Түркиядағы сәтсіз төңкеріс Әзірбайжан халқының да алаңдаушылығы болып отыр. Әзірбайжан халқы мен үкіметі барлық жағдайда Түркия үкіметі мен халқының қасынан табылады» деді.