Грузия НАТО-ға мүшелікке өтуге толығымен дайын
Солтүстік атлантикалық келісім ұйымының бас хатшысы Грузияның НАТО-ға мүшелікке өтуге толығымен дайын екендігін хабарлады.
Әзірбайжан республикасының АРА хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Йенс Столтенберг сәрсенбі күні Тбилисиде сөйлеген сөзінде Грузияның НАТО-ға мүшелікке өту үшін барлық техникалық тәжірибе мен дайындыққа ие екендігін айтты.
Солтүстік атлантикалық келісім ұйымының бас хатшысы Йенс Столтенберг сәрсенбі күні екі күндік сапармен Грузияға келіп жетті.
Йенс Столтенбергтің Грузияға алғашқы сапары 2015 жылдың тамыз айында орын алды. Грузия мен Солтүстік атлантикалық келісім ұйымының серіктестігі 1994 жылы осы елдің НАТО-ның бейбітшілікке атсалысу бағдарламасына қосылуымен басталған болатын. 2008 жылдың сәуір айында да Бухаресте НАТО-ға мүше елдер басшыларының саммитінде НАТО-ның стандарттарын сақтаған жағдайда Грузияның болашақта осы ұйымға мүшелікке өте алатындығы жарияланған болатын.