Ағылшындар Иранға сапармен келуге қызығушылық танытуда
Иранның Лондондағы Бас консулы ағылшындардың Иранға сапармен келуге қызығушылық танытып отырғанын хабарлады.
Иранның Лондондағы Бас консулы Саид Зинати ағылшындардың Иранға сапармен келуге қызығушылық танытып отырғанына тоқталып: «Ағымдағы жылдың басынан бері Ұлыбритания азаматтарына 5 мың виза берілді. Иранның Ұлыбританиядағы елшілігінің виза беру бөлімі өз жұмысын бастағанға дейін Иранға баруды көздеген Ұлыбритания азаматтары құжаттарын үшінші ел арқылы тапсыруы қажет болатын. Ал қазір бұл қызмет Иранның Бас консулдығында атқарылады»,-деп мәлімдеді.
Иран мен Ұлыбританияның қарым-қатынасы 2011 жылы Ұлыбританияның Иран ісіне араласуына наразы бір топ осы елдің Теһрандағы елшілігіне баса-көктеп кіргеннен кейін үзіліп қалған болатын. Бір жылға жуық уақыт бұрын екі ел арасындағы қарым-қатынас елші міндетін атқарушы деңгейінде қайта орнады. Ұлыбритания үкіметі бірнеше ай бұрын Иранға елші жіберуді және елшілер деңгейінде қарым-қатынасты қайта қалыптастыруды қалайтынын білдірді. Иран мен Ұлыбритания қайраткерлерінің осы мәселе туралы келіссөздері барысында Иран Лондонның елші жіберу туралы бірнеше рет өтініш жасауы мен табандылық танытуына жауап ретінде өзара елші алмасуға келісетінін жариялады.