Иран Сирияда атысты тоқтату бітімін орнатуды қолдады
ИИР Сирияда атысты тоқтату бітімін орнатуды қолдады.
Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия орталығының мәліметі бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми жексенбі күні Ресей мен Американың дүйсенбі күні түннен бастап Сирияда атысты тоқтату бітімін орнату үшін келіскені туралы айтып: «Иран әрдайым Сирияда атыстың тоқтатылуы мен сол елдің барлық халқының гуманитарлық көмектерге қолжетімділігін жеңілдетуді қолдап келеді. Бұл атысты тоқтату бітімі ДАИШ, ан-Носрат майданы сынды лаңкестік топтар мен солардан бөлініп, жаңадан құрылған топтарды қамтымайды. Әлемдік қауымдастық экстремистік-тәкфіршіл лаңкестікпен шынайы, байсалды, кесімді және ешбір шартсыз, үздіксіз қатынас жасауға міндетті.
Өткен бірнеше айдағы тәжірибе бойынша Сириядағы атыстың тоқтатылуы баянды әрі жүзеге асырылу кепілдігіне ие болып, лаңкестердің күштерін жаңартып, соғыскерлер аттандырып, Сириядағы лаңкестік топтар үшін қару-жарақ жіберу үшін мүмкіндік ретінде теріс пайдаланылмауы керек. ИИР үнемі соғысты тоқтатып, саяси шешім жолын ұстануды Сирия дағдарысын шешетін жалғыз жол ретінде қуаттап келеді» деді.