Америка 11-қыркүйек оқиғасының жылдығына орай азаматтарының қауіпсіздігіне қатысты ескертті
Қыр 11, 2016 20:46 Asia/Almaty
Американың Мемлекеттік департаменті 11 қыркүйек оқиғасының 15-ші жылдығы қарсаңында осы елдің әлемнің жер-жеріндегі азаматтарына төніп тұрған қауіп-қатерлерге қатысты ескерту жасап:
"Қолда бар мәліметтер лаңкестік топтардың бұрынғысынша әртүрлі аймақтарда шабуылдар жасау үшін жоспар құрып жатқанын көрсетеді" деді. Американың Мемлекеттік департаментінің хабарламасына сәйкес, экстремистер бұрынғысынша қоғамдық іс-шаралар өтетін мекендерге, қонақүйлер, клубтар мен ресторандарға, ғибадат орындары мен мектептерге, дүкендер мен сауда орталықтарына, қоғамдық транспорт және батыс азаматтарының отырыстары өтетін әскери емес мақсаттарға шабуыл жасауды жоспарлап отырған көрінеді.
Тегтер