Сирия Алеппоға гуманитарлық көмектерді келісімсіз жіберуге қарсылық білдірді
(last modified Wed, 14 Sep 2016 08:01:35 GMT )
Қыр 14, 2016 14:01 Asia/Almaty
  • Сирия Алеппоға гуманитарлық көмектерді келісімсіз жіберуге қарсылық білдірді

Сирия елдің солтүстігіндегі Алеппоға гуманитарлық көмектерді келісімсіз жіберуге қарсылық білдірді.

Сирия Сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні Алеппоға әсіресе Түркияның гуманитарлық көмектерін Сирия үкіметі және БҰҰ-ның келісімінсіз жіберуге қарсылық білдіретінін жариялады.

«Рейтерс» агенттінің мәліметі бойынша, куәгерлердің бірі сейсенбі күні шамамен жүк тасымалдайтын 20 көліктен тұратын екінші керуен Түркияның шекарасынан Сирияға кіргенін айтты. Сондай-ақ, Сирия Сыртқы істер министрлігі қайраткерлерінің бірі сейсенбі күні Дамасктің Түркияның келісімсіз жасаған кез келген әуе әрекетіне шара қолданатынын қуаттады.