Америкалықтардың Иран мен АҚШ кемелерінің бетпе-бет келуі туралы уәждері теріске шығарылды
Иран Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Теңіз күштерінің қолбасшысы АҚШ басшыларының Сақшылар Корпусы мен америкалық кемелердің Парсы шығанағы суларында бетпе-бет келулері туралы уәждерін теріске шығарды.
ИРНА-ның мәліметінше, Иран Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Теңіз күштерінің қолбасшысы Әли Фадави сейсенбі күні тікұшақ қонатын бірінші кемені жобалау, жасау және жабдықтауға қатысты бұл күштердің елдің оңтүстігіндегі Бушеһрде өткен отырыста: «АҚШ басшыларының Сақшылар Корпусы теңіз күштерінің кемелерін қашықтықты сақтамай, америкалық кемелермен бетпе-бет келгені туралы хабары шындыққа сай келмейтін өтірік хабар»,- деді.
Сардар Фадави теңізде орын алған оқиға туралы барлық құжаттар мен фильмдердің бар екендігіне тоқталып: «Аймақтағы жағдай жылдар бойы тұрақты болып, ИИР Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазын толық бақылауға алуда»,- деді.
Иран Ислам революциясы Сақшылар Корпусы Теңіз күштерінің қолбасшысы АҚШ-тың Парсы шығанағында орналасуы тынышсыздықтардың себебі деп атап: «АҚШ-тың ең жақсы жұмысы аймақтан шығу»,- деп қуаттады. Сардар Фадави сонымен бірге тікұшақ тасымалдайтын «Шәһид Мұхаммад Назари» кемесінің жоғары әрекеттік мүмкіндігіне тоқталып: «Бұл жоба Иран Ислам революциясы Сақшылар Корпусының одан үлкен жобаларының бастамасы»,- деп мәлімдеді.
Иранда жасалған бұл кеме теңіз толқындарында жүзу және тікұшақпен бірге кемінде 100 әскери тасымалдау мүмкіндігіне ие.