Ресей мен Тәжікстан ортақ жаттығулар өткізуде
(last modified Wed, 14 Sep 2016 11:05:44 GMT )
Қыр 14, 2016 17:05 Asia/Almaty
  • Ресей мен Тәжікстан ортақ жаттығулар өткізуде

Тәжікстанның Лахур аймағында Ресей мен Тәжікстан әскери күштерінің ортақ жаттығулары басталды. Жаттығуларға шамамен 200 бірлік әскери техника мен Ресейдің 201-ші базасының 800 әскериі қатысады.

2013-ші жылы Тәжікстанда Ресейдің 201-ші базасының орналасуы туралы келісім созылған соң екі елдің күштері көптеген ортақ жаттығулар өткізді. Олардың мақсаттары Тәжікстандағы тынышсыздықтарға қарсы тұру және бұл елдің Сархаддындағы бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының шекараларын қорғау болды. Тәжікстан мен Ресейдің кезеңдік жаттығуларының өткізуіне қарамастан, бұл жолғы Тәжікстанның Лахур аймағындағы жаттығуларына  бақылаушыларды қызықтырып отырғаны оның Тәжікстандағы Ресейдің әуеге қарсы  бірліктерінің  ортақ 40 күндік маневрлерінен кейін өтуіне байланысты. Өткен наурыз айында   Ресей мен Тәжікстан бұл елдің Хатлан аймағында  50 мыңнан астам күштің қатысуымен лаңкестікке қарсы ортақ  жаттығу өткізген болатын. Бұл жаттығуға ресейлік бронетехника мен  ұшақтар қатысып, оның мақсаты екі елдің қатысуымен шетелдік лаңкестікпен күресу деп жарияланды.

Бұл жаттығудың ерекшелігіне ресейлік Су-25 ұшағы, МІ-24 және МІ-8 тікұшақтары мен TU- 22M-3  бомба лақтырушылардың қатысуы жатады. Олар Тәжікстан, Ресейдің Новосибирск, Қырғызстанның Кант әуе базасында ұшты.

Ресей мен Тәжікстан Ауғанстан шекарасындағы Талибандар мен басқа әскери жасақтардың әрекеттеріне көңіл бөліп, әскери ынтымақтастық бағдарламасы аясында жаттығулар өткізіп отыр. Тәжікстан мұндай маневрлер мен Мәскеуден әскери қару-жарақ алудың ел әскерін жаңа қарумен қамтамасыз етуге көмектеседі деп үміттенеді. Талибандар мен ДАИШ тобының белсенділігі Ауғанстан шекарасындағы қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтарды арттырды. Тәжікстан мен Ауғанстанның таулы шекаралары тәжік шекара күштерінің дайындығының маңыздылығын екі есе арттырды. Сонымен бірге Сархаддтағы Ресей әскерилері мен тәжік шекарашылары   Ауғанстандағы бейберекеттіктердің Орталық Азияға таралуының алдын алып отыр.

Сондықтан дұшпанның әрекеттерін залалсыздандыру мақсатын көздеген Ресей мен Тәжікстанның ортақ жаттығулары тұрақты жаттығуларға айналды. Ресей мен Тәжікстанның әскери ынтымақтастықтары екі елдің саяси, экономикалық және ақпараттық қарым-қатынастарын нығайтуға жағдай тудырды. Ауғанстан мен Пәкістан сынды мемлекеттердегі тынышсыздықтар мен олардың шекаралас елдерге таралуы туралы алаңдаушылықтар Орталық Азия республикаларының ынтымақтастықтарына әсерін тигізіп, олар әскери-қауіпсіздік ынтымақтастықтарға шоғырланды. Ресей мен Тәжікстанның ортақ жаттығулар өткізуіне осындай жағдай себеп болып отыр.