Иран мен Ресейдің аймақтағы əріптестіктері артты
Иран Сыртқы істер министрінің Араб жəне Африка істері жөніндегі орынбасары Теһран мен Мəскеудің аймақты тұрақтандыру бағытындағы ықпалды əріптестігінің кеңейгенін хабарлады.
Джабер Ансари Ресейдің стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Решетниковпен бірге өткізген баспасөз отырысында:"Ресей мен Иранның аймақ деңгейіндегі əріптестігінің оң əсерлері күн сайын айшықтала түсуде. Бұл қарым-қатынас əртүрлі көлемде дамып жатыр",-деді. Джабер Ансари қазіргі кезеңді Иран мен Ресей үшін тарихи мүмкіндік деп атап, Ресей Президенті Владимир Путиннің аймақтағы өзгерістерге қатысты стратегиялық көзқарасына тоқталып:"Теһран Мəскеумен қатынасты жан-жақты дамытатын ерік-жігерге ие",-деді.
Решетников та Мəскеу мен Теһранның аймақтық интеграциясын құнды деп бағалап:" Иран мен Ресейдің ортақтықтары көп. Өзара ынтымақтастықты дамыту арқылы екі ел мен аймақ халықтарының мүдделеріне сай мүмкіндіктер тудыруға болады",-деді.