Нетаньяху Обамаға әскери салада көрсеткен теңдессіз көмекке алғыс айтты
Сионистік режимнің премьер-министрі Америка президентіне Вашингонның Тель-Авивке әскери салада теңдессіз және тарихи көмек ұсынуына байланысты алғыс айтты.
«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Американың сионистік режимге ең үлкен әскери көмек пакетін ұсынуы ресми түрде жарияланған соң сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху сәрсенбі күні оны бұрын-соңды болмаған тарихи келісім деп атап, Америка президенті Барак Обамаға алғыс айтқан.
Нетаньяху мәлімдемеде: «Бұл теңдессіз келісім Израиль режимінің алдағы онжылдықтардағы әскери стратегиялық басымдылығын сақтап қалады» деген уәж айтты.
Ол жаңа көмек пакетінің осы уақытқа дейін Америка тарапынан басқа бір үкіметке берілген ең үлкен әскери қолдау екендігін қуаттап: «Келісім Израильге өзінің қарулы күштерін күшейтіп, зымырандық қорғаныс кешендерін арттыруға көмектеседі. Бұл Израиль үшін үлкен жетістік» деді.
Америка үкіметі сәрсенбі күні сионистік режиммен қауіпсіздік саласында жаңа келісімге қол қойды. Соның негізінде Вашингтон он жылдың ішінде Тель-Авивке құны 38 миллиард долларды құрайтын әскери көмек көрсетеді.