Иранның Адам құқығы штабының хатшысы Италияның Сыртқы істер министрімен кездесті
Иранның Адам құқығы штабының хатшысы: "Теһран тең деңгейде жүргізілетін кез-келген əріптестік пен диалогты қолдайды",-деді.
ISNA ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауынша, Иран Сот органының Адам құқығы штабының хатшысы Мұхаммад Джавад Лариджани Римде Иран мен Италияның адам құқығы саласындағы диалогтарының үшінші кезеңі аясында Италияның Сыртқы істер министрімен кездесуінде:"Иран əрдайым əріптестік жасап, диалог өткізуге əзір екенін жəне маңызды тақырыптар жөнінде тең деңгейде келіссөздер жүргізуді қалайтынын баса айтып келеді.
Лаңкестікпен күресудің негізгі жолы – Батыс елдері, əсіресе АҚШ-тың шынайы қатынасына негізделген əлемдік талпыныс. Өйткені АҚШ лаңкестерді «жақсы» және «жаман» деп бөледі",-деді.
Иранның Адам құқығы штабының хатшысы Сириядағы өзгерістерге тоқталып:"Иранның Сирия дағдарысы туралы саясаты Сирияның демократиясы, егемендігі мен аумақтық тұтастығы деген үш принципке негізделген. Барлық келіссөздерде осы үш принцип назарға алынуы тиіс",-деді.
Италияның Сыртқы істер министрі Паоло Джентилони Сильвери де осы кездесуде Италия мен басқа еуропалық елдер үшін адам құқығы жөнінде диалог өткізудің маңыздылығын айтып:"Италия есірткі заттар жəне лаңкестікпен күресті өте маңызды санап, Сирия дағдарысының саяси жолмен шешілуін қуаттайды",-деді.