Зариф Қосылмау қозғалысына мүше елдердің отырысында сөз сөйледі
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Қосылмау қозғалысына мүше елдердің отырысында сөйлеген сөзінде елдердің ішкі істеріне араласушылық пен экстремизмнің әлемдік бейбітшілік және әлемдік дамуға ғана емес, сонымен қатар Қосылмау қозғалысына мүше елдердің бірлігіне де қауіп-қатер төндіріп отырғанын қуаттады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Сыртқы істер министрі әрі Қосылмау қозғалысына мүше елдердің отырысының төрағасы Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні кешке Венесуэлада аталмыш қозғалысқа мүше елдер министрлерінің қатысуымен өткен отырыста сөйлеген сөзінде: «Мұндай қиын жағдайда қырағылық пен халықаралық заңдар мен БҰҰ Жарлығының негіздеріне табанды болу қажет. Қақтығыстар мен адами апаттарға соқтыратын экстремизм мен терроризм шынайы қоқан-лоққы. Сондықтан бұл мәселе біздің шынайы көңіл бөлуімізді қажет етеді. Қосылмау қозғалысының жүйеле түрде өтетін отырыстары мүшелеріне дағдарыстарды зерттеп, солар туралы пікір алмасу үшін жақсы мұрсат тудырады. Сол себепті бүгінгі отырыстың тақырыбы «Бейбітшілік, егемендік және тілеулестік – дамуға қажет факторлар» деп таңдалды» деді.
Қосылмау қозғалысы 1950-ші жылы құрылды.