Ресей АҚШ-тың Сириядағы амалдарын сынады
(last modified Sun, 18 Sep 2016 08:44:49 GMT )
Қыр 18, 2016 14:44 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-тың Сириядағы амалдарын сынады

Ресей АҚШ-ты аймақтағы ДАИШ лаңкестік тобының мүддесін қорғаушы деп атады.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова жексенбі күні таңертең: «Мәскеу бұдан бұрын АҚШ-тың ән-Носрат майданын қолдайтынына күмәнді болған, алайда АҚШ Сирия армиясына әуеден шабуыл жасағаннан кейін бұл күмән шындыққа айналды.

АҚШ осы әрекетімен ДАИШ лаңкестеріне еш кедергісіз Дейр-эз-Зор қаласын басып алуға жол ашып берді. АҚШ-тың Сирияның Дейр-эз-Зор әуе базасына жасаған әуе шабуылында осы ел армиясының кейбір әскери құрал-жабдықтары, соның ішінде 3 танк, 3 әскери көлік, 4 миномет пен 1 зымыранға қарсы құрылғы жойылды»,-деді.

Ресей Вашингтоннан Сирия армиясы сарбаздарын өлтірудің қасақана немесе абайсызда болғанын түсіндіруді талап етіп отыр.

АҚШ-тың жексенбі күні Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор әуе базасына жасаған әуе шабуылы салдарынан 62 сириялық сарбаз қаза тауып, 100-ден астам адам жараланды.