Нардаран оқиғасындағы исламшыл тұтқындарды азаптау жалғасуда
Қыр 18, 2016 20:32 Asia/Almaty
Әзірбайжан республикасының ақпарат құралдары исламшыл тұтқындардың бірінің осы елдің ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына апарылғанын хабарлады.
«Ислам азари» сайтының мәліметі бойынша, Әзірбайжан республикасының Мұсылмандар одағы қозғалысы тұтқындарының бірі сенбі күні осы елдің ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына апарылған. Бұл хабарды тұтқын Аббас Хосейннің отбасы Әзірбайжанның ақпарат құралдарына хабарлаған.
Әзірбайжан республикасының ІІМ Аббас Хосейннің аталмыш мекемеге тасымалдануы туралы ешқандай мәлімет жариялаған жоқ. Әзірбайжан қауіпсіздік күштерінің өткен жылдың қараша айының 26 күні Нардаран мешітіндегі аза тұтушыларға жасаған шабуылында осы елдің Мұсылмандар одағы қозғалысының басшысы Тале Бағерзаде мен ондаған исламшыл құрықталған болатын.
Тегтер