Рухани Солтүстік Кореяның халықтық Жоғары ассамблеясының төрағасымен кездесті
(last modified Mon, 19 Sep 2016 09:18:57 GMT )
Қыр 19, 2016 15:18 Asia/Almaty
  • Рухани Солтүстік Кореяның халықтық Жоғары ассамблеясының төрағасымен кездесті

ИИР Президенті Солтүстік Кореяның халықтық Жоғары ассамблеясының төрағасымен кездесуінде: «Аймақтық қайшылықтарды арттыру арқылы алпауыт мемлекеттердің араласуы үшін негіздерді нығайтпау керек»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани жексенбі күні Қосылмау қозғалысына мүше елдердің саммиті аясында Солтүстік Кореяның халықтық Жоғары ассамблеясының төрағасы Ким Юнг Наммен кездесуінде: «Аймақ мәселелері алпауыт мемлекеттердің араласуымен емес, саяси жолдар және аймақ елдерінің қатысуымен шешілуі керек. Кейбір алпауыт елдердің аймақ мәселелеріне араласып, оны аймақ халықтарының арасындағы дау-дамайға айналдыруын қабылдауға болмайды»,- деп қуаттады. Рухани сол кездесуде Шығыс Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығаюын әлем елдері, әсіресе азиялық елдер үшін маңызды деп атады.

Ким Юнг Нам де бұл кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды ежелден келе жатқан қарым-қатынастар деп бағалап,  Пхеньянның Теһранмен қарым-қатынастарын дамытуды қолдайтынын мәлімдеді. Солтүстік Кореяның халықтық Жоғары ассамблеясының төрағасы кездесуде Шығыс Азия аймағындағы жағдай туралы баяндады.