ИИР президенті Теһран- Токио байланысының кеңеюіне ризалық білдірді
(last modified Thu, 22 Sep 2016 16:27:33 GMT )
Қыр 22, 2016 22:27 Asia/Almaty
  • ИИР президенті Теһран- Токио байланысының кеңеюіне ризалық білдірді

ИИР президенті Теһран- Токио байланысының соңғы жылдарда кеңеюіне ризалық білдірді.

ИИР президенті Хасан Рухани БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы аясында Жапонияның үкімет басшысы Синдзо Абэмен кездесуде санкциядан кейінгі кезеңде екі ел ынтымақтастықтарының деңгейін ойдағыдай жағдайға кеңейту үшін қолайлы мұрсат болып табылатынын айтты.

Рухани Иранның Экономика және қаржы министрінің Жапонияға жасаған сапарында жасалған келісімдерге тоқталып: «Кредиттік банкке қатысты келісімдерді іске асыруды жылдамдатуға ортақ талпыныс жасалып, жапондық банктер экономикалық байланыстарға қатысты қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін белсенді болуы керек» деді.

Иранның Атқарушы билігінің төрағасы сондай- ақ лаңкестік тақырыбы мен оның аймақ пен әлем үшін қатерлеріне сілтеме жасап, Иранның лаңкестік пен ДАИШ-ке қарсы аймақтың қорғаныстық бөгеті болып табылатынын мәлімдеді.

Синдзо Абэ де ИИР президентімен қайтадан кездескеніне ризалық білдіріп: «Жапония Иранның халықаралық қауымдастықпен сындарлы әріптестіктегі ұстанымын бағалап, түрлі салаларда байланыстарды кеңейту бағытында талпыныс жасайды» деді.