Иран мен Кения жан- жақты байланыстарды кеңейтуді қуаттады
Иран мен Кения мәжілістерінің төрағалары жан- жақты байланыстарды кеңейтуді қуаттады.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Кения Парламентінің спикері Мутори Джастинмен кездесуден кейін бірлескен ақпарат отырысында тілшілерге берген сұхбатта Иранның ауқымды достық байланыстарды күшейтуге деген оң көзқарасы негізінде Кения Парламентінің спикерімен парламенттік байланысты кеңейту және экономика, ауылшаруашылығы, индустрия, мұнай мен газ, медициналық жабдықтар мен дәрі- дәрмек саласында қос жақты ынтымақтастықтар туралы ой бөліскендерін мәлімдеді.
Лариджани сондай- ақ Таяу Шығыс аймағы мен Африканың шығысындағы лаңкестік дағдарыстарға шолу жасалғанын айтып: «Иран мен Кенияның кейбір лаңкестік топтармен күресу негізіндегі тұрғылары жақын. Екі елдің қайраткерлері лаңкестік түйткіліне тосқауыл қоюды қуаттап отыр» деді.
Мутори Джастин да Иран мәжілісінің төрағасымен кездесуде достық байланыстарды күшейту, экономикалық әріптестіктер, мәдени өзара түсіністік және екі ел парламентіндегі достық топтарының байланысы мен әріптестігі жөнінде келіссөздер жүргенін айтты.