Иран мен Оңтүстік Кореяның Сауданы дамыту ұйымдарында Теһран-Сеул дөңгелек үстелі құрылады
(last modified Sun, 25 Sep 2016 10:53:56 GMT )
Қыр 25, 2016 16:53 Asia/Almaty
  • Иран мен Оңтүстік Кореяның  Сауданы дамыту ұйымдарында Теһран-Сеул дөңгелек үстелі құрылады

Иранның Сауданы дамыту ұйымының төрағасы мен Оңтүстік Кореяның Сауда мен инвестиция орталығының басшысы ирандық және кореялық компаниялардың ортақ белсенділіктері аясын белгілеген соң Теһран-Сеул дөңгелек үстелін құруға келісті.

Бұл үстел Иран мен Оңтүстік Корея іскерлерінің бір-бірінің әлеуеттері және қажеттіліктерімен көбірек танысуы және олардың сауалдарына жауап беру, екі елдің Сауданы дамыту ұйымдарына бағыт-бағдар беру мақсатында  құрылады деп жоспарлануда.

Иран мен Оңтүстік Корея осы уақытқа дейін Ортақ сауда комиссиясының он бір отырысын өткізді. Олардың ең соңғысы өткен қыста Теһранда өтті. Ирандық жауапты тұлғалар өздерінің кореялық әріптестерімен кездесуінде әрдайым Оңтүстік Кореядан Иранға тұтынушы ел ретінде қарау көзқарасын өзгертуді сұрап, Иранға Оңтүстік Кореядан тікелей инвестиция мен технологиялар әкелуді баса айтып келеді.

Оңтүстік Кореяның  Президенті өткен мамыр айында осы елдің тарихында алғаш рет Иранға сапармен келді. Бұл сапарда 19 ынтымақтастық құжаты мен бірнеше миллиард долларды қамтитын 13-тен астам келісімнен тұратын 40-тан артық құжатқа қол қойылды.