Ресей мен Мысыр қазан айынан бастап әуе қатынасын біртіндеп жолға қоюға келісті
(last modified Mon, 26 Sep 2016 14:53:39 GMT )
Қыр 26, 2016 20:53 Asia/Almaty
  • Ресей мен Мысыр қазан айынан бастап әуе қатынасын біртіндеп жолға қоюға келісті

Хабар көздері Ресей мен Мысыр қайраткерлерінің қазан айынан бастап әуе қатынасын біртіндеп жолға қоюға келіскенін хабарлады.

Мысырдың мемлекеттік Авиация министрлігі алдымен Мәскеу мен Каир арасындағы рейстер Каир әуежайының жаңа терминалынан басталатынын, терминалдың 28- ші қыркүйекте сынақ түрінде ашылуы тиістігін хабарлады. 2015 жылы қазан айында Ресейдің бір жолаушы ұшағы Мысырдың Солтүстік Сина сахарасына құлап, 217 жолаушы мен экипаж мүшесі қазаға ұшыраған соң Мәскеу осы елдің Мысырға рейстерін уақытша тоқтатқан болатын.