Франция, Кувейт және Иран Ақтөбе облысымен серіктестік жасауға мүдделік танытты
(last modified Thu, 29 Sep 2016 06:38:27 GMT )
Қыр 29, 2016 12:38 Asia/Almaty

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Франция мен Кувейт және Иранның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері Франсис Етьен, Тарек Абдулла әл-Фараджа, Моджтаба Дамирчилумен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар тиімді серіктестіктердің көкжиектерін талқылады.

Ақтөбе облысының басшылары Франциямен серіктестіктерді тау-кен және қызмет көрсету салалары бойынша кеңейтуге ынта білдірді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Кувейт арасындағы екіжақты сауда-экономикалық серіктестіктер мен қарым-қатынастарды экономиканың әртүрлі салаларында дамыту үшін зор әлеуеттің бар екендігі қуатталды.

Ақтөбе облысы мен Иран арасындағы сауда айналымы 2015 жылы 12 млн долларды құрады. Ақтөбе облысы Иранға астық экспорттап, Ираннан балғын және кепкен жемістер мен жаңғақ, пісте, трубалар мен қара металдардан жасалған профильдерді енгізеді.

Екіжақты сауда-экономикалық байланыстарының дамуына 2014 жылы ашылған Өзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Горган теміржол желісі көмектеседі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Иран елшісі Моджтаба Дамирчилу мырзаға биылғы жылы астық экспортының көлемін 60  мың тоннаға дейін арттыруға дайын екендіктерін мәлімдеді.