Зарифтің Могериниге жазған хаты туралы жарияланған ақпараттарға реакция білдірілді
https://itolqyn.com/news/world-i15349-Зарифтің_Могериниге_жазған_хаты_туралы_жарияланған_ақпараттарға_реакция_білдірілді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран Сыртқы істер министрінің Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысына жазған хаты туралы жарияланған ақпараттарға реакция білдіріп, бұл тақырыпты табиғи іс деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 01, 2016 14:44 Asia/Almaty
  • Зарифтің Могериниге жазған хаты туралы жарияланған ақпараттарға реакция  білдірілді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран Сыртқы істер министрінің Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысына жазған хаты туралы жарияланған ақпараттарға реакция білдіріп, бұл тақырыпты табиғи іс деп атады.

ИИР СІМ-нің Дипломатия және баспасөз департаментінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жұма күні  Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерико Могериниге хат жолдағанын растап: «Тараптар арасындағы осындай хат алмасулар тосын әрекет емес. Осыдан бұрын да тараптар арасында мұндай хат алмасулар болған. Мұндай хат алмасулар өзара мәселелерді талдап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қадағалау қажеттігіне байланысты әдеттен тыс емес, кәдімгі іс саналады. 

Тараптар арасында осындай жұмыс аясында әрдайым хат жіберіліп, ортақ тақырыптар талқыланып, пікір алмасылады»,-деп қуаттады.