Ресей ДАИШ лаңкестерінің Орталық Азия мен Кавказдағы белсенділігіне қатысты ескерту жасады
(last modified Sun, 02 Oct 2016 02:42:47 GMT )
Қаз 02, 2016 08:42 Asia/Almaty
  • Ресей ДАИШ лаңкестерінің Орталық Азия  мен Кавказдағы белсенділігіне қатысты ескерту жасады

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары ДАИШ лаңкестік тобының Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы белсенділігі мен әрекеттеріне қатысты ескерту жасады.

«Россия сегодня» агенттігінің сенбі күнгі хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Олег Сыромолотов ДАИШ лаңкестік тобының Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы белсенділігі мен әрекеттеріне қатысты ескерту жасап: «ДАИШ лаңкестік тобының мақсаты – Орталық Азия  елдерін жаулап алып, Кавказ аймағына үстемдік ету. Бұл топ осы негізде жоспар құрып жатыр.

Мәліметтер ДАИШ лаңкестерінің 60 пайызының Орталық Азия  елдері мен Кавказ аймағының азаматтары екенін көрсетеді. Сол себепті ДАИШ осы аймақтарда алға ілгерілеуді көздеп отыр. ДАИШ осы мақсатқа жету үшін Талибан тобының мүшелерін өзіне тартпақ» деді.

Ресейлік бір ақпарат құралында жарияланған мәліметтер бойынша, соңғы екі жылда Тәжікстанның 600-ден астам азаматы ДАИШ тобына қосылған. Солардың 300 қаза болған.

Тәжікстанның Бас Прокуратурасы Таяу Шығыстағы қақтығыстарға қатысқан кісілерге қатысты 400 іс қозғаған.

Қазақстан мен Қырғызстанның ақпарат құралдары да осыдан бұрын 300- ден астам қазақстандық және қырғызстандық азаматтардың ДАИШ лаңкестік тобының құрамында болу ықтималы туралы мәлімет жариялаған болатын.